Қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздік әр адамның тәртібіне байланысты. Көшеде белгіленген ережені сақтау, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбау, өзгенің құқығына құрметпен қарау – заң талаптарын орындаудың қарапайым көрінісі.
Заңды сақтау тек жауапкершіліктен қорқу емес, өзің мен қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілікті сезіну. Тәртіп бар жерде тұрақтылық болады.


