Әр адамның заңмен қорғалатын құқықтары бар. Алайда құқықпен қатар міндет те жүреді. Өз құқығын білетін азамат заңсыздыққа жол бермей, қажет жағдайда өз мүддесін заң аясында қорғай алады.
Құқықтық сауаттылықты арттыру – қоғамдағы түрлі келеңсіздіктердің алдын алудың тиімді жолы. Сондықтан заңды білу – заман талабы.


