Алкогольді ұзақ уақыт пайдалану адамның ағзасына кері әсер етіп, жүрек-қан тамырлары, бауыр және жүйке жүйесіне байланысты аурулардың қаупін арттырады. Сонымен қатар ішімдік адамның ойлау қабілеті мен мінез-құлқына әсер етіп, еңбек өнімділігінің төмендеуіне, жауапсыз әрекеттердің жасалуына әкелуі ықтимал.Ішімдікке тәуелділік отбасы жағдайына да кері ықпал етеді. Отбасындағы түсініспеушілік, жанжал, материалдық қиындықтар мен әлеуметтік мәселелердің туындауына себеп болуы мүмкін. Мас күйінде көлік жүргізу немесе қоғамдық тәртіпті бұзу өзге адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді. Сондықтан алкогольді тұтынуға жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстану – әр адамның өз денсаулығы мен жақындарының тыныштығын қорғаудың маңызды жолы.

