3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Жас ұрпақ елдің болашағына алаңдайды

Балалар ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаевпен елдің бүгіні мен болашағы туралы өз ойларымен бөлісті. Спортшы «Тау-Жаңашар» балалар жазғы лагерінде өткен кездесудің арнайы қонағы ретінде шақырылған.

Сұхбат барысында чемпион өзінің спорттағы жеңілістері мен жеңістері туралы бөлісіп, білек күшінен бөлек, нағыз спортшының бойындағы қайсарлық, адалдық пен әділдік сияқты адами қасиеттердің де маңыздылығын атап өтті.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен әкімдігі ұйымдастырған іс-шара оқушылардың еркін пікір алмасуына тамаша мүмкіндік туғызды.

Жиынға қатысқан жас ұрпақ өздерін мазалап жүрген өзекті проблемалар: жастар арасындағы темекі өнімдерінің көптеп таралуы, жемқорлардың қоғамға тигізер зияны, сондай-ақ оқу құралдарының сапасы сияқты әртүрлі тақырыпта сөз қозғап, талқыға салды.

Олардың айтуынша, болашақ бүгіннен басталады, әрі әділ қоғам құру үшін әр азамат, ең алдымен, өзінен бастауы тиіс.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар