Домойhantengrigazeti.kz ақпаратИнтернет алаяқтықтан сақтану – маңызды міндет

Интернет алаяқтықтан сақтану – маңызды міндет

Интернеттің мүмкіндігі артқан сайын алаяқтықтың жаңа түрлері де пайда болуда. Әлеуметтік желілердегі жалған парақшалар, тиімді ұсыныстар, жалған инвестициялық жобалар мен банк қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңыраулар азаматтарды алдаудың кең тараған тәсілдеріне айналды. Сондықтан кез келген ақпаратты тексермей тұрып әрекет жасауға асықпаған жөн.

Қаржылық қауіпсіздік әр адамның өзінен басталады. Банк картасының деректерін, құпия сөздерді және SMS арқылы келген кодтарды ешкімге бермеу, күмәнді сілтемелерді ашпау қажет. Күмәнді жағдайға тап болған жағдайда мәселені өз бетінше шешуге тырыспай, тиісті мекемелерге жүгінген дұрыс.

Жаңалықтар