Заң – қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың негізі. Әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет. Заңды құрметтеу тек құқық қорғау органдарының емес, барша азаматтың ортақ міндеті.
Құқықтық сауатты адам өзіне тиесілі құқықтарды біледі, заң талаптарын сақтайды және өзгенің құқығына құрметпен қарайды. Сондықтан заңды білу – қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.

