Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығы мен отбасылық жағдайына кері әсер етеді. Кей жағдайда ішімдік қоғамдық тәртіптің бұзылуына, тұрмыстық жанжалдарға және құқық бұзушылықтарға себеп болуы мүмкін. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарға дұрыс тәрбие беру және ішімдікке тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет.

