Отбасындағы татулық пен өзара түсіністік адам өмірінде ерекше орын алады. Жақын жандардың бір-біріне құрметпен қарауы, пікірін тыңдауы және қиын сәтте қолдау көрсетуі берік қарым-қатынастың негізін қалыптастырады. Ал қорқыту, кемсіту, күш көрсету немесе қаржылық тәуелділікті қысым құралына айналдыру отбасы мүшелерінің құқығына нұқсан келтіреді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты жеке отбасының ғана мәселесі деп қарастыруға болмайды. Оның алдын алу үшін құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету маңызды. Әр адам өзінің қадір-қасиеті мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы. Отбасындағы мәселені күшпен шешу ешқашан дұрыс жол емес. Сыйластық, жауапкершілік және өзара сенім үстемдік құрған ортада ұрпақ тәрбиесі де берік қалыптасады.

