Нашақорлық – адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына және қоғамға зиянын тигізетін қауіпті құбылыс. Есірткіге тәуелділіктің алдын алу үшін жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, салауатты өмір салтын насихаттау қажет. Бос уақытты спортқа, білімге және пайдалы іске арнау – зиянды әдеттерден аулақ болудың тиімді жолы.

