Домойhantengrigazeti.kz ақпаратАшық диалог – тұрақты дамудың негізі

Ашық диалог – тұрақты дамудың негізі

Қоғамдағы кез келген мәселені шешудің ең тиімді жолы – ашық әрі сындарлы диалог. Құрылтай осы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп келеді. Әртүрлі сала өкілдерінің, сарапшылардың, қоғамдық ұйымдардың және қарапайым азаматтардың пікір айтуына мүмкіндік берілуі – демократиялық дамудың маңызды көрсеткіші.

Ашық пікір алмасу болған жерде жаңа идея туады, ал жаңа идея дамуға жол ашады. Құрылтай тек қолдау білдіретін алаң емес, мәселелерді батыл көтеретін мінбер болуы керек. Сонда ғана қоғамдағы нақты түйткілдер уақытылы шешімін табады.

Әсіресе әлеуметтік мәселелер, мәдениет, тіл, экология, ақпараттық қауіпсіздік сияқты тақырыптардың кеңінен талқылануы қоғам үшін маңызды. Бұл бағыттар елдің болашағына тікелей әсер етеді.

Құрылтайдың құндылығы – халық пен билік арасындағы өзара түсіністікті арттыруында. Егер осы диалог тұрақты түрде жалғасса, қоғамдағы көптеген мәселе конструктивті жолмен шешіледі деп сенемін.

Әуелхан Жанерке Мүсілімқызы

Райымбек ауданы Жастар ресурстық орталығының психолог маманы

Жаңалықтар