Қандай мемлекет болсын өзінің болашағын қоғаммен бірге құрады. Құрылтайдың негізгі мәні де осында деп ойлаймын. Ол азаматтарды елдің ертеңіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Болашақ туралы әңгіме тек жоғары деңгейде ғана емес, әр азаматтың қатысуымен өрбуі қажет.
Қазіргі әлемде өзгеріс өте жылдам жүріп жатыр. Технология, экономика, еңбек нарығы, ақпарат кеңістігі – бәрі жаңаруда. Осындай кезеңде ұлттық бірлік пен ортақ мақсаттың болуы ерекше маңызды. Құрылтай осы ортақ бағытты айқындауға көмектеседі.
Елдің дамуы үшін тек сын айту жеткіліксіз, нақты ұсыныс пен белсенді әрекет қажет. Құрылтай азаматтардың осы жауапкершілігін күшейтіп, қоғамды ортақ іске жұмылдыруға ықпал етеді.
Меніңше, Құрылтайдың ең үлкен жетістігі – адамдардың болашаққа деген сенімін арттыруы. Халықтың үні естіліп, ұсыныстары ескеріліп жатса, бұл елдің тұрақты дамуына берік негіз болады.
Малаева Арай Бейсенбековна
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нарынқол ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдықмемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры

