Домойhantengrigazeti.kz ақпаратҚұрылтай – аймақтардың үнін жеткізетін мінбер

Құрылтай – аймақтардың үнін жеткізетін мінбер

Көп жағдайда өңірлердегі мәселелер орталыққа толық жетпей жатады. Ал Құрылтай сол арадағы байланысты күшейтетін маңызды құрал бола алады. Ауыл инфрақұрылымы, жол, ауызсу, интернет, денсаулық сақтау және білім саласына қатысты түйткілдер халық үшін ең өзекті мәселелердің қатарында.

Аймақтардың дамуы – елдің дамуы. Сондықтан Құрылтайда өңірлердің ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріліп, нақты ұсыныстардың айтылуы өте маңызды. Әр ауданның, әр ауылдың жағдайы әртүрлі болғандықтан, шешімдер де жергілікті ерекшелікке бейімделуі керек.

Соңғы жылдары ауылдарды қолдауға бағытталған бағдарламалар көбейіп келеді. Бірақ олардың тиімді жүзеге асуы үшін жергілікті халықтың пікірін тыңдау қажет. Құрылтай осы мүмкіндікті беретін алаңға айналса, өңірлердің дамуына серпін береді.

Халықтың сұранысы мен мемлекеттік саясаттың арасындағы байланыс күшейген сайын қоғамдағы сенім де нығая түседі. Сондықтан Құрылтайдың аймақтық мәселелерге ерекше көңіл бөлуі – уақыт талабы.

Бекбосын Ләззат Рысбекқызы

“Нұрбапа Өмірзақов атындағы” орта мектептің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жаңалықтар