Домойhantengrigazeti.kz ақпаратҚұрылтай және жастардың болашағы

Құрылтай және жастардың болашағы

Құрылтайдың маңызды ерекшелігінің бірі – жастар мәселесіне ерекше назар аударылуы. Бүгінгі жас буын тек тыңдаушы емес, қоғамның белсенді қатысушысына айналуы керек. Жастардың білім, жұмыс, баспана, цифрлық мүмкіндіктер мен кәсіпкерлікке қатысты ұсыныстары мемлекеттік деңгейде қарастырылуы – үлкен қадам.

Қазіргі кезеңде жастардың пікірін елемеу – болашақты елемеумен тең. Өйткені ертең елді дамытатын да, жаңа идея ұсынатын да осы буын. Құрылтай жастардың бастамаларын қолдап, олардың қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік берсе, бұл ұзақ мерзімді дамуға оң әсер етеді.

Жастарға тек қолдау көрсету жеткіліксіз, оларға сенім де қажет. Құрылтай аясында көтерілген мәселелердің арасында білім сапасы, өңірлердегі мүмкіндіктер теңдігі, жаңа технологияларды игеру сияқты тақырыптардың болуы өте маңызды.

Менің ойымша, Құрылтайдың болашақтағы тиімділігі жастардың нақты ұсыныстарының жүзеге асуымен өлшенеді. Егер көтерілген мәселелер шешімін тауып жатса, жастардың мемлекетке деген сенімі де арта түседі.

Шымырбаев Нартай Мұратұлы

“Еркін Ібітанов атындағы” мәдениет үйінің директоры

Жаңалықтар