Бүгінгі таңда Құрылтай – қоғамдағы түрлі көзқарастарды бір арнаға тоғыстыратын маңызды диалог алаңына айналып отыр. Бұрын көптеген мәселелер тек тар шеңберде талқыланса, қазір халықтың үнін естуге мүмкіндік беретін нақты механизмдер қалыптасуда. Құрылтайдың басты құндылығы – ел тағдырына қатысты маңызды сұрақтарды ашық талқылауға жол ашуы.
Қоғамның дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейді. Халықтың мемлекетке деген сенімі, азаматтардың қоғамдық іске араласуы, ортақ жауапкершілік сезімі де үлкен рөл атқарады. Осы тұрғыдан алғанда Құрылтай азаматтық белсенділікті арттырып, ел ішіндегі бірлікті нығайтуға ықпал ететін маңызды институтқа айналып келеді.
Әсіресе аймақтардағы тұрғындардың ұсыныстары мен бастамаларының назарға алынуы – оң өзгерістің белгісі. Құрылтай тек пікір алмасатын орын ғана емес, нақты шешімдер қабылданатын алаң болуы қажет. Сонда ғана халық оның нәтижесін күнделікті өмірден сезіне алады.
Қазақ қоғамында «ақылдаса отырып шешу» дәстүрі ежелден бар. Құрылтай сол тарихи сабақтастықты қазіргі заман талаптарымен ұштастырып отыр деп есептеймін.
Бірбаев Бекболат Ыбырайымұлы
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

