Интернет алаяқтық – қазіргі таңда кең таралған қылмыс түрлерінің бірі. Алаяқтар жалған хабарламалар, әлеуметтік желілер, интернет-дүкендер немесе телефон қоңыраулары арқылы азаматтардың жеке мәліметтері мен банк картасының деректерін алдап алуға тырысады.Өзіңізді қорғау үшін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге айтпаңыз және банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеңіз. Қырағылық танытып, ақпараттың рас-өтірігін тексеру – интернет алаяқтарының құрбаны болмаудың ең тиімді жолы.

