Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЖаңа Конституция – жаңа құқықтық кезең

Жаңа Конституция – жаңа құқықтық кезең

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Жаңа Конституция референдум нәтижесінде қабылданды. Оны іске асыру үшін мемлекет тарапынан кешенді құқықтық шаралар қарастырылды.

Конституция – мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін айқындайтын басты құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттік институттардың қызметі және қоғам дамуының негізгі қағидаттары бекітіледі.

Жаңа Конституцияның қабылдануы елдің қоғамдық-саяси және құқықтық жүйесі үшін маңызды кезең болды. Оның нормаларын түсіну әр азаматқа өзінің құқықтары мен міндеттерін жақсы білуге мүмкіндік береді.

Құқықтық мемлекет қалыптастыру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Конституциялық қағидаттарды құрметтеу, заң талаптарын орындау және азаматтық жауапкершілікті сезіну де маңызды.

Әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, қоғам алдындағы міндетін де түсінуі қажет. Бұл – құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі.

Жаңалықтар