Нашақорлық – адам денсаулығына ғана емес, отбасы мен қоғамның тыныштығына қауіп төндіретін ауыр әлеуметтік дерт. Есірткіге тәуелділік адамның өмір сапасын төмендетіп, білім алуына, еңбек етуіне және қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Оның салдары қылмыстың көбеюіне, түрлі аурулардың таралуына және жастардың болашағына кері әсер етеді.Есірткіге қарсы күрес әрбір азаматтың жауапкершілігін талап етеді. Әсіресе жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спортпен шұғылдануға, білім мен өнерге қызығушылығын арттыру – нашақорлықтың алдын алудың тиімді жолы. Болашағымыздың жарқын болуы үшін есірткіден аулақ болып, дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

