











Бүгін Іле ауданының Өтеген батыр ауылында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды санитарлық тазалық сенбілігі ұйымдастырылды.Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары белсене қатысты. Жалпы іс-шараға 2 мыңнан астам адам қатысып, туған ауылдың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.Экологиялық акция барысында З. Батталханов, М. Әуезов, Қолдасов және С. Сейфуллин көшелерінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпы 22 арнайы техника жұмылдырылып, 20 гектар аумақ тазартылды. Сенбілік қорытындысы бойынша 52 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигонға шығарылды.Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы Данияр Ермекұлы Сарымбеков «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты тек аумақтарды санитарлық тазартумен шектелмейтінін атап өтті.«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне бағытталған маңызды бастама. Бұл акция тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді. Іле ауданында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Әр бейсенбі сайын ауданның барлық елді мекендерінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындардың қатысуымен ауқымды сенбіліктер өткізіледі. Тазалық – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Бірлескен еңбектің арқасында ғана ауданымызды таза, көрікті әрі жайлы ете аламыз», – деді Данияр Ермекұлы Сарымбеков.Іле ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

