16.4 C
Нарынкол
Четверг, 19 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

АЭС БІЗГЕ КЕРЕК ПЕ?

Мені қуантатыны еліміздің болашағына бей — жай қарамайтын азаматтарымыздың қатары күн сайын артып келеді.  Қазіргі таңда халық та сауатты әрі саяси шешімдерді бақылауда ұстағысы келеді. Қазір жастар да ізденіс үстінде. Бұл ретте айтқым келгені, жалпыұлттық референдум арқылы елімізге ортақ мәселені дауысқа салу Президентіміздің, биліктің халықпен санасуы, халық пікірінің еленуі деп білемін. «Жаңа Қазақстан» идеясын Президентіміз үнемі жиналыстарда тілге тиек етіп жүр. Бұл өзгерістің өңі де, мәні де ерекше. Өйткені халықпен етене байланыс бар. Қарапайым халықтың пікірін ескеретін өзгеріс енді, ең маңыздысы осы. Парламент қарауына ұсынып, депутаттардың «бірауыздан» мақұлдауымен елдік мәселелер шешіле беретін. Халықтың талқылауына салынбайтын. Жоғары жақ мәселені көтереді, шешімін де өздері шығаратын. Ал енді Жаңа Қазақстан, әділ Қазақстан деп жатқанымыздың кепілі — халық. Жаңару дегеніміз осы деп ойлаймын. Бағытымыз айқын. Осы ретте ел игілігіне бағытталған оң шешімдер қабылданады деген сенімдемін.

Біз АЭС бізге керек пе деген сұрақты әлі талқылап жатырмыз. Шын мәнісінде АЭС салу жайында бірнеше жылдан бері қызу талқылау бүгінге дейін жүргізіліп келеді. Қоғамдағы болып жатқан талқылауларды көріп біліп отырған  адамдар ең алдымен бұл мәселенің бізге қаншалықты маңызды нәрсе екенін білуі керек. Біз талқылап отыра беретін кезеңнен өттік. Әрине біз атом саласының маманы болмағандықтан, АЭС техникалық  тұрғыда қандай ерекшелігі бар екенін айта алмаймыз. Бірақ жерімізде сарқылып бара жатқан энергия көздерінің жетіспеушілігіне мән берсек, АЭС салу керек деген байламға келеміз. Менің ойымша біз нақты  шешімге келгеніміз жөн. Еліміздегі кез келген сауатты адам оосы жолы талқылауға қатысып, өз даусын береді деген сенімдемін. Жақында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күзде АЭС салуды референдум арқылы шешетінін мәлімдеді. Бұл біздің еліміз үшін ең маңызды шешім. Біз осы маңызды мәселені бүкіл ел болып шешуге атсалысуымыз керек деп санаймын. Алдағы күзде біз еліміз үшін маңызды   мәселені талқылап, оған дауыс беріп, өз үнімізді қосамыз.

Ермахан  НҰРБАЙ,

«Нарынқол орман шаруашылығы КММ-ның» аңшы маманы

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік өнеркәсібі мамандары АЭС салудың маңызын талқылады

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб «АзияАгроФуд» АҚ жұмысшыларымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – Қазақстанның атом энергетикасын дамыту мәселесін талқылау...

Осыған ұқсас мақалалар