12.7 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

“ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ҚАРАЖАТЫН ” ҚАЙТАРУҒА МӘЖБҮР

     Бүгінгі күні кәсіп ашып нәсібін көрем деушілерге мемлекет көмек қолын созуға әрдайым дайын. Осы орайда, бірқатар мемлекеттік бағдарламалар да қарастырылған. Дегенмен, мемлекет өзі жасаған қаржылай қолдаудың жүзеге асуын назардан тыс қалдырмайтынын ұмытпаған абзал. “Қайтарымсыз грант” дегенді естіп алып, тегін ақшадай шүйлігетін тұрғындардың басы бүгінде дауға қалып отыр. “Адамға балық берме, қармақ бер” деген қағидамен, мемлекет қаражат ұсынса, ол тегін ақша емес, ол болашақты құруға, тұрақты кәсіп ашуға жәрдемдескен қолдау қаржы. Бұл қаржыны жоспарлы түрде жүзеге асыра алмаған жағдайда, мемлекеттің оңды-солды шашар қаражаты жоқ, алынған сомманы қайтару қажет.

     Осы орайда, жуырда Райымбек ауданы бойынша, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында грант алу үшін бірнеше үміткерлер өтініш қалдырып, өтініштері қабылданып, грант иегерлері атанған. Уақыт өте келе, Райымбек ауданының прокуратурасымен Райымбек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тартуға және басқа да күрделі мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар бағдарламалардың орындалу заңдылығына тексерулер жүргізіліп, грант иегерлерінің арасында арнайы шартты орындамай, яғни, грант шеңберінде берілетін ақшалай қаражатты толық игермегендігі мен мақсатты пайдаланбағандары белгілі болды. Осылайша, жауапкерлерге алдымен шартқа сәйкес қаражатты мақсатты пайдаланбағандықтары туралы ескерту жолданған. Кейіннен грант қаражатын қайтару жөніндегі хабарлама жолданған. Осы хабарламаларға жауап қатпаған жауапкерлер үшін келесі іс-шара – мақсатсыз пайдаланғаны үшін мемлекеттік грант қаражатын өндіріп алу процесі басталды. Қаражатты бірден қайтара алмайтынын алға тартқан жауапкерлер үшін Райымбек аудандық соты «аудандық мансап орталығы» мен «грант қаражатын алушы» арасында бітімгершілік шартын орнатып берді. Бұл — алынған қаражатты бөліп төлеуге берілген мүмкіндік. Аудандық сот екі тарап үшін ыңғайлы шешім қабылдап, мемлекет қаражатының оңды-солды талан-таражға түспеуіне, орнына келуіне септігін тигізер шешім қабылдады.

        Құрметті, аудан тұрғындары, жерлестер! Мемлекеттік грант — қарапайым халықтың кәсіп бастап, жетістіктерге жетуін көздейтін қолдау қаражаты. Дегенмен, бұл қаражатты алудың және жұмсаудың өз реті бар, қаражатты алмас бұрын арнайы түсіндірме ақпараттармен және шарттармен танысып алудың маңызды екенін ұмытпаңыздар!

Бұл заманда әр дүниенің сұрауы бар екенін қаперімізде сақтайық! 

МЫРЗАЛЫ Айжан Амандыққызы,

аудандық соттың төрағасы

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар