-10.4 C
Нарынкол
Понедельник, 26 февраля, 2024
No menu items!
Маңызды

ШАҢҒЫДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

       9-11 ақпаны аралығында Сарыжаз ауылдық округінің аумағында шаңғыдан облыстық чемпионат өтті. Жарысқа облыстың барлық аудандарынан шаңғышылар қатысты.  Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Берік Фатықұлы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев қатысып, шаңғышыларға сәттілік тіледі. Командалық есеп бойынша Талғар ауданының командасы 1 орынды иеленді. Райымбек, Кеген аудандарының командалары 2 және 3 орыннан көрінді. Жерлесіміз 57 жастағы Сарыжаз аулының тұрғыны, Нарынқол орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Сарыжаз орманшылығының қызметкері Жанболат Сұлтанғазиев шаңғыдан 30 дүркін облыс чемпионы атанды. Сонымен қатар, інісі Ерболат Сұлтанғазиев Талғар ауданының намысын қорғап, өз жасына қарай чемпион атанып қайтты. Жарыс қортындысы бойынша Райымбек ауданының ерлер құрамасынан 18-23 жас аралығында Жайырбек Қуатбек 2-орынға, 24-31 жас аралығында Сәрсенбі Айыпжан 2-орынға, 31-40 жас аралығында Раванов Мағжан 3-орынға,  41-51 жас аралығында Жанасов Болатжан 1-орынға, 52-62 жас аралығында Сұлтанғазиев Жанболат 1-орынға, 63-жастан жоғары спортшылар арасында Асанов Ердос 4-орынға ие болды. Сондай ақ, ауданымыздың әйелдер құрамасынан 18-23 жас аралығында Омарова Торғын 4-орынға,  24-31 жас аралығында Тілеубекова Эльмира 2-орынға, 31-40 жас аралығында Бекмұхамбетова Аяужан 2-орынға, 41-51 жас аралығында Тұрсынбай Эльмира 4-орынға, 52-62 жас аралығында Байкүшікова Светлана 4-орынға, 63-жастан жоғары Нұрышева Алия 3-орынға ие болды.

    Эстафеталық жарыста ауданымыздың ерлер құрамасы екінші орынға ие болды.

Өз тілшіміз.

Соңғы жаңалықтар

ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

         Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы ауданымызға іссапармен келді. Облыс басшысы Тегістік ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесіп ауылдың тыныс-тіршілігімен...

Осыған ұқсас мақалалар