Домойhantengrigazeti.kz ақпарат2026 жылғы 2 шілде күні облыс әкімінің орынбасары Ғ. А. Майлыбаевтың төрағалығымен...

2026 жылғы 2 шілде күні облыс әкімінің орынбасары Ғ. А. Майлыбаевтың төрағалығымен Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Комиссия отырысына комиссия мүшелері, тиісті басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Күн тәртібінде Отбасылық – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, сталкингтің алдын алу және зорлық- злмбылықтан жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар, Өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігі, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету шаралары сияқты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ғ.А. Майлыбаев өз сөзінде: «Отбасы институтын қорғау, әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар Конституцияда отбасы мен неке институтын қорғау, балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу қағидаттарының конституциялық деңгейде бекітілуі мемлекеттік органдардың жауапкершілігін одан әрі арттыратынын жеткізді». Алматы облысы полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция майоры Анархан Оразахунова өңірде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және сталкингтің алдын алу, жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Манасбаева әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берді.

Жаңалықтар