Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы мүшелерінің бір-біріне күш көрсетуі, психологиялық қысым жасауы немесе құқықтарын шектеуі арқылы көрініс табатын қауіпті әлеуметтік мәселе. Мұндай жағдайлар көбіне әйелдер мен балалардың өміріне, денсаулығына және психологиялық жай-күйіне кері әсерін тигізеді. Зорлық-зомбылық орын алған отбасыларда қорқыныш пен сенімсіздік қалыптасып, балалардың дұрыс тәрбиеленуіне де үлкен зиян келеді.Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, өзара сыйластық пен түсіністік қағидаларын ұстануы қажет. Егер зорлық-зомбылық фактілері анықталса, құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлау маңызды. Қауіпсіз әрі бақытты қоғам құру үшін отбасы құндылықтарын нығайтып, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру қажет.

