Қоғамдық қауіпсіздік – азаматтардың өмірі мен денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды құндылық. Қауіпсіз қоғам қалыптастыру үшін заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту аса маңызды. Бұл бағытта мемлекеттік органдармен қатар әрбір азаматтың жауапкершілігі де ерекше рөл атқарады.Қоғамдық қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес, ол – баршаға ортақ іс. Айналаға бейжай қарамау, заң талаптарын құрметтеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және өзара сыйластық таныту қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Қауіпсіздік мәдениеті қалыптасқан елде халықтың әл-ауқаты артып, болашаққа деген сенімі нығая түседі.

