Заң – адамзат өркениетімен бірге қалыптасып, қоғамдағы тәртіп пен әділдікті қамтамасыз ететін басты құралдардың бірі. Ежелгі дәуірлерде адамдар арасындағы қарым-қатынастар әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер арқылы реттелсе, уақыт өте келе олар жазбаша заңдарға айналды. Тарихтағы алғашқы заңдардың бірі ретінде Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдар жинағы белгілі.Қазақ халқының құқықтық тарихында да заңның орны ерекше. Тәуке хан тұсында қабылданған «Жеті жарғы» қазақ қоғамындағы маңызды құқықтық құжат болып саналады. Бүгінде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен қолданыстағы заңдар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, елдегі тұрақтылық пен тәртіптің сақталуына қызмет етуде.

