Жаңа конституциялық реформалар халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтті. Атап айтқанда, азаматтардың пікірін ескеру тетіктері жетілдіріліп, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің рөлі артты. Сонымен қатар адам құқықтарын қорғауға бағытталған құқықтық кепілдіктер күшейтілді.Конституциялық өзгерістердің тағы бір маңызды бағыты – заң үстемдігін қамтамасыз ету. Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің тәуелсіздігін арттыруға, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтуге және азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде.

