Әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің өзара сыйластығы, татулығы мен ынтымақтастығы қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтады. Қазақстан – көптеген этностар мен мәдениеттердің ортақ шаңырағына айналған көпұлтты мемлекет. Сондықтан халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністік еліміздің басты құндылықтарының бірі болып саналады.Тәуелсіз Қазақстан құрылған күннен бастап ұлтаралық келісімді сақтауға ерекше көңіл бөліп келеді. Елімізде әрбір азаматтың тіліне, дініне, мәдениеті мен салт-дәстүріне құрмет көрсетіледі. Бұл өз кезегінде қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуына және халықтың бір мақсатқа жұмылуына мүмкіндік береді.

