Алкоголизм

Алкогольді шамадан тыс пайдалану адам ағзасындағы көптеген мүшелердің қызметін бұзады. Әсіресе бауыр, жүрек-қан тамырлары жүйесі және жүйке жүйесі қатты зардап шегеді. Сонымен қатар алкоголь адамның ойлау қабілетін төмендетіп, мінез-құлқының өзгеруіне, агрессияның артуына және түрлі құқық бұзушылықтарға себеп болуы мүмкін. Алкоголизмнің туындауына әртүрлі факторлар әсер етеді. Олардың қатарында әлеуметтік қиындықтар, психологиялық күйзеліс, қоршаған ортаның ықпалы және зиянды әдеттерге бейімділік бар. Әсіресе жастар арасында алкогольдің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды. Өйткені жасөспірім кезеңде қалыптасқан теріс әдеттер кейін ауыр тәуелділікке ұласуы мүмкін.

Предыдущая статья
Следующая статья

Жаңалықтар