Жол қозғалысына қатысушылардың жол ережелерін қатаң сақтауы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Әсіресе, жүргізушілер жылдамдықты асырмай, жаяу жүргіншілерге құрметпен қарауы қажет.Жаяу жүргіншілер де белгіленген өткелдер арқылы өтіп, жолда мұқият болғаны жөн. Жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – адам өміріне деген құрметтің белгісі. Әркім жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға өз үлесін қоса алады.

