Қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы әр азаматтың заңға деген құрметінен басталады. Заң – адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеп, олардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын маңызды құрал. Сондықтан заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың азаматтық парызы әрі жауапкершілігі.
Заң мен тәртіп үстемдік құрған мемлекетте адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді, құқықтары қорғалады, әділдік орнайды. Керісінше, заң талаптары сақталмаған жерде құқық бұзушылық көбейіп, қоғамдық тәртіп әлсірейді. Бұл қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу ең алдымен құқықтық мәдениетті қалыптастырудан басталады. Адам өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің де құқығына құрметпен қарауы керек. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, заң талаптарын орындау, жауапкершілікті сезіну – өркениетті қоғамның басты белгілері.
Бүгінде елімізде заң үстемдігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда. Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Дегенмен, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болып табылады.
Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды. Себебі бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі елдің тірегі. Заңды құрметтеп өскен жас азаматтар мемлекет дамуына үлес қосып, қоғамдағы тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
Заңға бағыну – тек талапты орындау емес, ол қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну. Әр азамат заңды құрметтеп, тәртіпті сақтағанда ғана әділетті, қауіпсіз және дамыған қоғам қалыптасады.
Дастан ЖАНАСЫІЛ

