«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Райымбек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № 207 қаулысының күші жойылды деп танылсыын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5070 болып тіркелген);
2. «Райымбек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Райымбек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Т.А.Ә.

