Кез келген өркениетті мемлекеттің негізі – заң мен тәртіп. Заң үстемдігі орнаған жерде әділдік салтанат құрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалады. Сондықтан заңға құрметпен қарау және қоғамдық тәртіпті сақтау әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Заң – мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты реттейтін негізгі құрал. Ол азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындап, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Заң талаптарының сақталуы адамдардың өзара сыйластығын арттырып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.
Тәртіп – қоғамның қалыпты өмір сүруінің басты шарты. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, өзгенің құқығын құрметтеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі елдегі тыныштық пен тұрақтылықты нығайтады. Ал заң талаптарын елемеу құқық бұзушылықтарға, түрлі келеңсіз жағдайларға және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді.
Бүгінде елімізде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жастарға заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Өйткені заңды білетін және оны құрметтейтін қоғам ғана дамудың даңғыл жолына түсе алады.
Әсіресе жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесіне мән беру маңызды. Мектеп қабырғасынан бастап заңды құрметтеуге, жауапкершілікті сезінуге тәрбиеленген жас буын болашақта елдің дамуына үлес қосатын саналы азамат болып қалыптасады.
Заң мен тәртіп – мемлекет дамуының, қоғам тыныштығының және азаматтардың әл-ауқатының кепілі. Сондықтан әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпті нығайтуға өз үлесін қосуы қажет. Заңға бағыну – өркениетті қоғамның басты белгісі.
Акерке БИЖАН

