Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Зорлық-зомбылық – адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзатын, оның өмірі мен денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қауіп төндіретін қоғамға жат әрекет.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қауіпсіз ортада өмір сүруге, білім алуға және еңбек етуге құқылы. Осыған байланысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу және оның алдын алу – қоғамның ортақ міндеті.

Отбасында, білім беру ұйымдарында, еңбек ұжымдарында және қоғамдық орындарда орын алатын күш көрсету, қорқыту, кемсіту, психологиялық қысым жасау сияқты әрекеттер заң талаптарына қайшы келеді және жауапкершілікке әкеп соғады.

Егер сіз зорлық-зомбылық фактісінің куәсі болсаңыз немесе осындай жағдайға тап болсаңыз, бұл туралы ата-анаңызға, педагогтерге, құқық қорғау органдарына немесе басқа да құзыретті мекемелерге дереу хабарлауыңыз қажет.

Қауіпсіздік, өзара құрмет және адам құқықтарын сақтау – өркениетті қоғамның басты құндылықтары. Зорлық-зомбылықтың алдын алу арқылы біз заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті нығайтуға өз үлесімізді қосамыз.

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі.

Жаңалықтар