Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына, мемлекет тұрақтылығына және халықтың билікке деген сеніміне кері әсер ететін ең өзекті мәселелердің бірі. Ол әділдік қағидаттарын бұзып, заң үстемдігіне нұқсан келтіреді және әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Сондықтан бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру аса маңызды міндетке айналып отыр.Нөлдік төзімділік мәдениеті – бұл тек заң талаптарын сақтау ғана емес, сонымен қатар әр азаматтың саналы ұстанымы мен азаматтық жауапкершілігі. Қоғамда кез келген жемқорлық әрекетіне мүлде жол бермеу көзқарасын қалыптастыру – уақыт талабы. Әрбір адам пара беру мен пара алудың заңға қайшы әрі қоғамға зиян екенін терең түсінуі қажет.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда білім беру саласының рөлі ерекше. Жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, парасаттылық сияқты құндылықтарды сіңіру маңызды. Мектептер мен жоғары оқу орындарында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған тәрбиелік іс-шаралар, кездесулер мен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі тиіс.Сонымен қатар мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігі де жемқорлықтың алдын алудың тиімді тетігі болып табылады. Қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және цифрландыру жүйесін дамыту арқылы жемқорлық тәуекелдерін азайтуға болады.Бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам институттарының да атқаратын қызметі зор. Олар қоғамда әділдік пен заңдылық қағидаттарын насихаттап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді. Халықтың құқықтық мәдениетін көтеру арқылы ғана жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасады.Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әр азамат заң талаптарын сақтап, адалдық қағидаттарын ұстанғанда ғана әділетті қоғам құруға болады. Нөлдік төзімділік мәдениеті қоғам санасына толық орныққанда ғана сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге мүмкіндік туады.Болашақ ұрпаққа таза, әділ және дамыған қоғам қалдыру – баршамыздың міндетіміз. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әр адамнан басталуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Сунатиллаев Ділмұрат Сайфуллаұлы

