Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы аясында елімізді толықтай цифрлық мемлекетке айналдыру бағытында үлкен қадамдар жасалды. Қазіргі уақытта Үкімет цифрлық активтер экожүйесін дамытудың бірлескен жоспарын бекітті. Сондай-ақ, 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанның 2,6 мыңнан астам ауылдық шағын жинақты мектептерінде жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша бірегей пилоттық жоба іске қосылды. Бұл ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға мүмкіндік береді.


