ДомойЖаңалықтар | НовостиРайымбек ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өтті.

Райымбек ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өтті.

Салтанатты жиын барысында ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетіліп, мерекелік лебіздер айтылды. Шарада аудан өнерпаздары патриоттық әндер орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік шарада Отан алдындағы адал қызметі мен елге сіңірген еңбегі үшін бірқатар азаматтар марапатталды. Бұл күн – ерлік пен елжандылықтың, батылдық пен патриотизмнің айқын көрінісі ретінде ерекше аталып өтті.

Ел тыныштығы мен Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрдайым биік болсын!

#7мамыр

Жаңалықтар