Домойhantengrigazeti.kz ақпаратКітап оқу — құқықтық сауаттылық пен саналы қоғамның негізі

Кітап оқу — құқықтық сауаттылық пен саналы қоғамның негізі

Ұлттық құрылтайда көтерілген «Кітап оқитын ұлт» бастамасы — еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық бағыт. Кітап оқу адамның сыни ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, оның азаматтық ұстанымы мен құқықтық сауаттылығын қалыптастырады. Оқыған, білімді азамат өз құқықтары мен міндеттерін жақсы біледі, жалған ақпарат пен алаяқтардың арбауына түспейді және заң үстемдігін құрметтейді. Елімізде Ұлттық кітап күнінің белгіленуі мен заманауи кітапханалар желісін дамыту — білім мен мәдениетті қоғамның басты құндылығына айналдырудың нақты көрінісі.

Жаңалықтар