Әрбір мемлекет өзінің даму жолында белгілі бір кезеңдерде заңнамалық жүйесін жаңартып, қоғам талаптарына сай өзгерістер енгізіп отырады. Осындай маңызды өзгерістердің ең демократиялық жолы – халықтың өз пікірін білдіруі арқылы шешім қабылдау. Сондықтан конституциялық референдум – халықтың еркін білдіретін, ел тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтардың ортақ таңдауы.Бұл референдумның басты ерекшелігі – биліктің маңызды шешімді тек жоғары деңгейде қабылдамай, оны халықтың талқысына ұсынуы. Яғни, әр азамат өз дауысы арқылы мемлекет дамуына үлес қосады. Мұндай қадам қоғамдағы ашықтықты, жауапкершілікті және халық пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтады. Конституция – елдің басты заңы, ал оны жетілдіру – уақыт талабынан туындайтын табиғи процесс.Бүгінгі өзгерістер елдегі саяси жүйені жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі қорғауға, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған. Бұл реформалар мемлекет институттарының тиімді жұмыс істеуіне, билік тармақтарының тепе-теңдігіне және демократиялық принциптердің нығаюына мүмкіндік береді.Референдумға қатысу – тек құқық қана емес, сонымен бірге үлкен азаматтық жауапкершілік. Әрбір дауыс елдің ертеңін айқындауға әсер етеді. Сондықтан қоғамның белсенді қатысуы мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашады. Халықтың бірлігі мен ортақ мақсаты – тұрақты, әділетті және өркендеген Қазақстан құру.Сондықтан конституциялық референдумды қолдау – елдің болашағына сенім білдіру, тұрақты даму мен демократиялық құндылықтарды нығайту жолындағы маңызды қадам деп айтуға болады. Әр азаматтың дауысы – елдің ертеңіне қосылған үлес.
Қайнар ауылдық “Асал ана” қоғамдық ұйымының төрайымы Салтаева Сауле

