0 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратКоалиция мүшелері “Сарыжаз кәсіптік - техникалық коллеж” ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері “Сарыжаз кәсіптік — техникалық коллеж” ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Сарыжаз ауылындағы “Сарыжаз кәсіптік — техникалық колледж”педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді.Жиында жаңа Конституция жобасындағы табиғи ресурстар мен жерге қатысты норма түсіндірілді. Атап айтқанда, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені атап өтілді.Коалиция мүшесі Миркасим Ғалымжан бұл норманың стратегиялық маңызын кеңінен түсіндірді.«Жер мен табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені – тек саяси декларация емес, конституциялық деңгейдегі нақты құқықтық қағида. Бұл – ұлттық байлықтың ел мүддесіне қызмет етуінің кепілі. Білім беру саласы үшін де бұл норма маңызды, өйткені мемлекет ресурстары ең алдымен қоғамдық игілікке бағытталуы тиіс», – деді ол.Ұжым өкілдері пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

Жаңалықтар