1.4 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЖаңа Конституция жобасы – ел болашағына жасалған маңызды қадам

Жаңа Конституция жобасы – ел болашағына жасалған маңызды қадам

Құрметті жерлестер!Елімізде талқыланып жатқан жаңа Конституция жобасы – мемлекетіміздің одан әрі дамуына, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды құжат.Бұл жоба – қоғам сұранысынан туындаған, уақыт талабына сай әзірленген бастама. Онда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, әділетті қоғам құру, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері кеңінен қамтылған.Әсіресе, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, әлеуметтік кепілдіктерді нақтылау, мемлекеттік және жеке меншікке қол сұқпаушылық қағидаларын бекіту – ел тұрақтылығы үшін аса маңызды нормалар.Біз үшін ең бастысы – Конституцияның әр бабы қарапайым халықтың мүддесіне қызмет етуі. Сондықтан жаңа жобаны талқылауға белсенді қатысып, өз ұсыныс-пікірлеріңізді білдіруге шақырамын.Ортақ мақсатымыз – Әділетті, тұрақты және дамыған Қазақстанды бірге құру.

Құрметпен Облыстық маслихат депутаты Нұрбол Алиев Маджитұлы

Жаңалықтар