Құрметті ағайын!Алдағы 15 наурыз күні еліміз үшін маңызды саяси оқиға – республикалық референдум өтеді. Бұл – әр азаматтың ел болашағына тікелей ықпал ететін тарихи мүмкіндік.Ұсынылып отырған Конституция жобасы мемлекетті басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының жауапкершілігін арттыруға және халықтың рөлін күшейтуге бағытталған. Жаңа өзгерістер қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге негіз болады.Конституция – жай ғана заң емес, ол – еліміздің даму бағдары, ұрпақ болашағының кепілі. Сондықтан әрқайсымыз бұл мәселеге бейжай қарамай, азаматтық ұстанымымызды білдіруіміз қажет.Сіздерді 15 наурыз күні өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Ел тағдырына қатысты шешім қабылдау – баршамызға ортақ жауапкершілік.Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
Құрметпен Мүсірбаев Самат Сартаубайұлы

