-3.7 C
Нарынкол
spot_img
ДомойЖаңалықтар | НовостиАлматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық пункт салынды

Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық пункт салынды

Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Алғабас ауылында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді.Алматы облысының прокуратура органдары заңсыз иемденілген активтерді қайтару жұмыстары аясында мемлекетке түскен қаражатты әлеуметтік нысандар салуға бағыттады.Аталған қаражат есебінен Алғабас ауылында жаңа медициналық пункттің құрылысы аяқталып, ол ресми түрде қолданысқа енгізілді.Нысанның ашылу салтанатына Кеген ауданының әкімі мен прокуроры қатысты.Медициналық пункт шамамен 500 тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген және ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етіп, елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға үлес қосады.

Жаңалықтар