Менің ойымша, конституциялық реформа жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуы керек. Саяси партияларға кіру талаптарының жеңілдеуі мен сайлау жүйесінің өзгеруі жастардың қоғамдық өмірге араласуын жеңілдетеді. Егер жас буын мемлекеттік шешім қабылдау процесіне белсенді қатысса, елдің болашағы да нық болады. Сондықтан реформа тек қазіргі буын үшін емес, келешек ұрпақ үшін жасалып жатқан стратегиялық қадам деп санаймын.
Маматханова Сара Жумабаевна
Қаратоған ауылдық Аналар кеңесінің мүшесі

