
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясының мүшелері сервистік орталық қызметкерлерімен жүздесіп, республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндірді.Кездесу барысында Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызы кеңінен талқыланды. Әсіресе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нормаларға ерекше назар аударылды.Сервистік орталық қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Ашық форматта өткен жиын барысында ұсыныс-пікірлер айтылып, референдумға белсенді қатысуға шақыру жасалды.

