15 наурызда маңызды саяси оқиға — Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының Жобасы бойынша референдум өтеді. Бұл жай заң құжаты ғана емес, мемлекеттің одан әрі дамуының іргетасы.Бүгінде әрбір азаматқа Қазақстанның болашағына тікелей ықпал ету мүмкіндігі беріледі. Жаңа Конституцияны қабылдау — бұл демократиялық қағидаттарды, әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған қадам.Біз жауапты азаматтар ретінде салмақты және саналы шешім қабылдауымыз керек. Ертеңгі күннің қандай болатыны біздің белсенділігіміз бен азаматтық ұстанымымызға байланысты. 15 наурыз — таңдау, жауапкершілік және халық бірлігі күні.
Райымбек аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Алтынбек Нұрберген Нұрқанатұлы

