-6.2 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпарат📚 Ақиық ақынға тағзым

📚 Ақиық ақынға тағзым

Райымбек ауданында қазақ поэзиясының Хантәңірі — Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай
«Жырлайды жүрек» атты поэтикалық-сазды кеш өтті.

📍 Іс-шара ақынның туған жері — Қарасаз ауылында,
Е.Ібітанов атындағы ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

Кеш барысында ақынның ауылындағы ескерткішіне гүл шоқтары қойылып,
Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген
«Тәңір құты…» естеліктер жинағының тұсаукесері өтті.

🎤 Поэтикалық-сазды кеште:
– Алматы облысының өнерпаздары,
– эстрада жұлдыздары,
– Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
Сәкен Майғазиев, Айгүл Иманбаева, Қуандық Қыстықбаев,
театр және кино актері Асан Мәжит,
«Қоңыр» тобы,
Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншілері,
«Алтынай» мемлекеттік би ансамблі өнер көрсетті.

🎭 Райымбек ауданының «Хантәңірі» театры
ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған тағылымды қойылым сахналады.

✨ Мұқағали поэзиясы — мәңгілік.
Жырлары жүректе, рухы елмен бірге!

Мұқағали95

ЖырлайдыЖүрек

Қарасаз

РайымбекАуданы

МұқағалиМақатаев

Жаңалықтар