-5.5 C
Нарынкол
spot_img
ДомойЖаңалықтар | НовостиРайымбек ауданы Сарыбастау ауылы Сұраншы Сауранбаев атындағы орта мектепте Конституциядағы өзгеріс пен...

Райымбек ауданы Сарыбастау ауылы Сұраншы Сауранбаев атындағы орта мектепте Конституциядағы өзгеріс пен түзету енгізу мәселесі бойынша мұғалімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Өткен қыркүйектегі Президенттің Қазақстан халқына жолдауында парламентті реформалап, бір палаталы жүйеге ауысу туралы бастама көтергенінен старт алды десек болады. Сөйтіп 20 қаңтарда өткен Құрылтай отырысында Президент «Реформалар қоғамның қажеттілігі мен мемлекеттің даму жоспарына сәйкес үздіксіз жалғаса беретінін» айтып, жаңа саяси институттар құруға бастамышылық жасады. Сонда Конституциядағы парламентке қатысты 40 баптан бөлек, Президент, Үкімет, Сот институттарына қатысты бөлімдер мен баптарға дейін өзгеретінін атап айтты. Құрылтайдың ертесі құрамына 130 маман кірген Конституциялық комиссия құрылды. Олар осы уақытқа дейін 6 отырыс өткізіп, жаңа түзетулер Ата заңның барлық бөлімін және 77 бабын қамтитынын жариялады. Сонда жалпы мәтіннің 84 пайызы өзгеретін болып шықты. Жұма күні кешкісін Комиссия төрағасы мен орынбасарлары Президент қабылдауында болып, Конституцияның жаңа нұсқасын халықтың қарауына шығару қажеттігін жеткізді. Сөйтіп кеше, яғни сенбінің таңында тәуелсіз Қазақстан тарихындағы үшінші Конституцияның жобасы жарияланды

Жаңалықтар