Конституциялық реформа осы айдың ең маңызды оқиғаларының біріне айналды. Қазақстандықтардың барлық назары қоғамдық-саяси өзгерістерге шоғырланған. Бұл таң қаларлық емес, өйткені біздің еліміздің болашағы жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыруға байланысты.
Осы сәтте Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп жатыр. Қазірдің өзінде барлық ұсынылған өзгерістер уақтылы және қажет екені түсінікті болып отыр.
Біз барлығымыз реформалардан мемлекеттің ашықтығы мен тұрақтылығын арттыруды күтеміз. Біздің үміттеріміз ақталатынына сенімдімін, өйткені Комиссия жұмысы барысында мынадай аспектілер атап өтілді: мемлекет пен халық арасындағы кері байланыстың күшеюі; мемлекеттік басқару сапасын жақсарту; неғұрлым орнықты саяси жүйені қалыптастыру; ел тәуелсіздігін нығайту; мемлекет пен қоғам диалогын кеңейту және одан әрі демократияландыру.
Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қаптағаев Айыпжан Есқожаұлы

