-1.2 C
Нарынкол
spot_img
ДомойЖаңалықтар | Новости🇰🇿🇯🇵 Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

🇰🇿🇯🇵 Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

🟦Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды.

🟦1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан.

🟦Ғибадатхана түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің біріне айналдырған император Мейджиге арналған.

🟦Кешенмен танысқан соң Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

«Мейджи Джингу – берекелі бірлік пен ұлттық сана-сезімнің символы. Жапон халқы үшін осы қасиетті ғибадатхананың тарихи мән-маңызы ерекше. Күншығыс елі өсіп-өркендей берсін!» – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi

Жаңалықтар