-3 C
Нарынкол
spot_img
ДомойЖаңалықтар | Новости«Заң мен тәртіп» жобасы аясында Райымбек аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен«Заң үстемдігі...

«Заң мен тәртіп» жобасы аясында Райымбек аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен«Заң үстемдігі — ел тұрақтылығының кепілі»атты кездесу өткізілді

Аудан жастарының құқықтық сауаттылығын арттыруды көздеген бұл шарада жастар өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды, заңға деген құрмет пен азаматтық жауапкершілік жайлы құнды пікірлер тыңдалды.

🔹 Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар қатысты:
— Райымбек аудандық прокуратурасының прокуроры Әбділда Рыскелді Қалдыбекұлы
— Райымбек аудандық полиция бөлімінің
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
Ювеналды полиция тобының инспекторы,
полиция аға лейтенанты Октябрь Ерұлан Серікболұлы.

Жастар өз ойларымен ашық бөлісіп, заң мен тәртіптің маңызын терең ұғынды.

Кездесу жастар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті. Қатысушылар құқықтық сауаттылықтарын арттырып, қоғам алдындағы жауапкершілік пен заңға құрметтің маңызын терең түсінді. Осындай шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілігін арттыра түседі.  

Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың алғашқы қадамы!💼⚖️

Жаңалықтар